Жаңадан салынатын су қоймалары 2,5 млрд текше метрге дейін су жинай алады

324

Биыл Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Түркістан облыстарындағы алты нысанда жұмысты бастайды.

Жаңадан салынатын су қоймалары 2,5 млрд текше метрге дейін су жинай алады Фото: ngs-penza.ru

Жаңадан салынатын 20 су қоймасы 2,5 млрд текше метрге дейін су жинай алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева мәлімдеді.

Жаңа су қоймаларын салу тасқын суды жинауға, сол арқылы елді мекендерді су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. 

Бірінші кезеңде Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында 10 су қоймасын салу жоспарланып отыр. 

"Бүгінгі таңда Түркістан облысында 1 су қоймасы - Кеңсай-Қосқорған-2 пайдалануға берілді. Түркістан облысының Бәйдібек ауданында Бәйдібек ата су қоймасының құрылысы басталды, Төле би ауданында Қарақуыс су қоймасының құрылысы бойынша жоба іске асырылып жатыр", - деді спикер.

Сонымен қатар, 8 су қоймасының құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Бұл Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарындағы су қоймалары.

"Жаңа су қоймалары еліміздің көрші мемлекеттердің су ресурстарына тәуелділігін 25%-ға төмендетуге септігін тигізеді", - деді спикер.

Сондай-ақ, концепцияда 2 млрд текше метрге жуық су жинайтын 15 су қоймасын реконструкциялау көзделген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу