Сенатор Марат Қожаев палата отырысында ант берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Қожаев Сенат депутаты болып тағайындалды.
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, нығайтуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", - деді Марат Қожаев.
Айта кету керек, осыған дейін Марат Қожаев Сенат депутаты болып тағайындалғанын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу