Жаңадан тағайындалған Туризм және спорт министрі ант берді

218

Үкіметтің кезекті отырысы басталды.

Жаңадан тағайындалған Туризм және спорт министрі ант берді Фото: gov.kz

Күні кеше тағайындалған Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында ант берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында, өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне өзімнің барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі және дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін көтере беруге ант етемін", - деді Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу