Жаңадан тағайындалған ТЖМ басшысы қазақстандықтарға үндеу жасады

408

Бірқатар өңірде қолайсыз ауа райы сақталып отыр.  

Жаңадан тағайындалған ТЖМ басшысы қазақстандықтарға үндеу жасады Фото: ortcom.kz

Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазгидромет" болжамына сәйкес, 7-9 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде секундына 30 метрден асатын қатты жел соқты. Одан кейін циклон Қазақстанның аумағынан тыс жылжиды. Елдің 11 өңірінде электрмен жабдықтаудың авариялық ажырату деректері тіркелді. Атап айтқанда, БҚО, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Павлодар, Ұлытау облыстарында. Қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. 13 өңірдегі республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда блок бекеттері қойылып, көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді. Аймақтарда министрліктің республикалық штабы бастаған жедел штабтар жұмыс істеп жатыр", - деді спикер.

Шыңғыс Әріновтің дерегінше, бүгінде блок бекеттерде 4 мыңнан астам көлік тоқтап тұр.

"Уақытша орналастыру пункттерінде 1 107 адам бар. Оның ішінде Ақтөбе облысында – 819 адам, Ақмола облысында – 52, Қостанай облысында – 94, Павлодар облысында – 112, Ұлытау облысында – 30. 7-9 ақпан аралығында 12 өңірде 7 мыңнан астам көлік тоқтатылды. Уақытша орналастыру пункттерінде 5 мыңнан аса азамат, оның ішінде 50-ден астам бала болды", - деп жалғастырды министр.

Осыған байланысты ведомство басшысы қазақстандықтарға үндеу жасады.

"Қыс мезгілінде азаматтар жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауы керек.  112-ден келетін арнайы хабарламаларға назар аударуларыңызды сұраймын. Дауылды ескерту және метеожағдайлар нашарлаған кезде елдімекендерден тыс жерлерге шықпауға, алыс жерге жаяу бармауға шақырамын", - деді Шыңғыс Әрінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу