Биыл жаңақорғандық мыңнан аса жан өз кәсібін бастаған. Оның 744-і кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін пайдаланыпты. Олардың қатарында ерекше бизнес ашып, алға биік мақсат қойғандар жетерлік.
Олардық қатарында аудандағы жас кәсіпкерлердің бірі Әділхан Әлиханов бар. Ол "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасымен" конкурсқа қатысып, 555 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантқа ие болған. "Құс өсіріп, жұмыртқа өндіру" жобасымен үздік деп танылған Әділхан қомақты қаржыға тауықтың 100 бас леггорн тұқымдас тауық сатып алыпты. Ерекшелігі сол бұл тауықтар тамақ талғамайды, ыстық пен суыққа да төзімді. Сондай-ақ жазды күнгі жайылымды да қажет етпейді екен. Осылайша 26 жасында кәсіпкер атанған Әділхан Әлиханов алдағы уақытта күніне 5000 дана жұмыртқа шығаратын құс фабрикасын ашуды жоспарлап отыр.
"Жұмырқа өндіру мақсатында леггорн уайт деген тұқымын арнайы алдым. Бұл етті құс және жұмыртқаны 360 күн бойы туады. Одан кейін етке жіберуге болады. Дүние жүзіне кең таралған голландиялық тұқым. Агротехникалық ғалымдардың кеңесімен осы пародаларды сатып алдым", - дейді жас кәсіпкер.