Жаңаөзен қалалық білім бөлімі кәсіпкерлерге негізсіз талап қойған

398

5 жекеменшік балабақшаға негізсіз талап қойғаны анықталды

Жаңаөзен қалалық білім бөлімі кәсіпкерлерге негізсіз талап қойған Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім саласына мониторинг жүргізу барысында Жаңаөзен қаласының білім бөлімі 5 жекеменшік балабақшаға террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғау ережелерін сақтауды қамтамасыз ету туралы негізсіз талап жібергенін анықтады.

"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңға және қағидаларына сәйкес, аталған білім беру ұйымдары террористік тұрғыдан осал объектілердің қатарына жатпайтыны белгілі болды. Осыған қарамастан, білім бөлімі жеке балабақшаларға террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғау ережелерін сақтауды қамтамасыз ету туралы талап қойған және кәсіпкерлердің бұл талаптарды орындамаған жағдайда мемлекеттік білім беру тапсырысын ала алмай қалу ықтималдығы жоғарылаған болып шықты. 

Осы мәселе бойынша ұсынымдар енгізілді. Қалалық білім бөлімінің заңсыз талабы тоқтатылды.                                                         

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу