Жаңаөзен қаласына жаңа әкім тағайындалды

744

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі қызметіне Айбек Қосуақов тағайындалды, деп хабарлайды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңаөзен қаласына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін, 5 сәуірде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттарына басқа жұмысқа ауысқан Мақсат Ибагаровтың орнына жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды.

ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат Айбек Қосуақов болды.

Депутаттар Маңғыстау облысының әкімі ұсынған кандидатураны қолдап, жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тіледі.

"Нұрлан Ноғаев өз кезегінде жаңа әкімге Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді", - делінген Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айбек Қосуақов Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін "Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау" мамандығы бойынша және Қонаев атындағы көлік және құқық университетін "экономист" мамандығы бойынша бітірген.

ңбек жолын 1997 жылы "Қаражанбасмұнай" компаниясында оператор ретінде бастаған.

2001-2004 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.

2004-2006 жылдары "Жазық" АҚ атқарушы директоры болды.

2007 жылдан 2020 жылға дейін "Таушық ауыл шаруашылығы" компаниясының басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

2020 жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі қызметін атқарды.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу