Жаңаөзен қаласынан көмек бригадасы Құлсарыға аттанды

231

Құлсары қаласында болған су басулардың салдарын жою мақсатында Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен арнайы техникамен жабдықталған көмек бригадасы Құлсары қаласына аттанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңаөзен қаласынан көмек бригадасы Құлсарыға аттанды Фото: Жаңаөзен қаласының әкімдігі

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көмек бригадасының құрамында 30-ға жуық техника және 60-қа жуық адамдар бары белгілі болды. Сонымен қатар арнайы жасақ азық-түлік, құрал-саймандармен толық жабдықталған.

Айта кетейік, арнайы техникамен қамтамасыз еткен ұйымдар қатарында "Өзенмұнайгаз", "KazPetroDrilling" АҚ, "Бұрғылау", "МұнайФилдСервис", "Өзенмұнайсервис", "ҚазГӨЗ", "Кен-Құрылыс Сервис" ЖШС және "Өзенжылу", "Өзенинвест", "Өзенэнергосервис" МКК бар. 

Сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер және еріктілер де өз үлестерін қосып жатқаны айтылды. 

Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны салдарынан Атырау облысынан Маңғыстауға 14 мыңнан астам адам эвакуацияланды. 

Сонымен қатар таңертең Құлсарыдан Бейнеуге барар жолда су тасқынынан эвакуацияланған жүкті келіншек сәбилі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу