Жаңаөзен қаласында шетелге грант ұтып алған оқушыны қатарластары соққыға жыққан

270

Жаңаөзенде "Білім-инновация" лицейінің 11-сынып оқушысын қатарластары соққыға жықты. Оған себеп – бозбаланың шетелдік жоғары оқу орнына грант жеңіп алуы.  

Жаңаөзен қаласында шетелге грант ұтып алған оқушыны қатарластары соққыға жыққан Фото: freepik.com

Бұл жетістігі кейбір сыныптастарының қызғанышын тудырған, деп жазады inbusiness.kz сайты Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 16 сәуірде кешқұрым зардап шеккен оқушының үйінің жанында болған. Белгілі болғандай, шабуылды оқушылардың арасынан сайланған лицейдің президенті бастаған. Оған бір топ жасөспірім қосылған. 

Қазіргі таңда әкесі мен баласы Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, оқушы жабық бас-ми жарақатын, ми шайқалуын, беті мен маңдайы көгеріп, тізесі жарақаттанған. Ал әкесінің аяғы сынған.

Басылымның жазуынша, ең сорақысы – лицей әкімшілігі бұл жағдайды жасыруға тырысуда. Тіпті жәбірленушіге оқиғаны жария етпеу үшін ақша ұсынған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу