Жаңаөзен қаласында жағдай тұрақты

970

Жаңаөзен қаласында "БерАли" мұнай компаниясы жұмысшыларын Астанада ұстап алып кетуге байланысты өршіген наразылық тоқтады.

Жаңаөзен қаласында жағдай тұрақты Фото: yandex.kz

Осы мәселеге байланысты облыс әкімі Нұрлан Ноғаев халықты сабырға шақырып, үндеу жасады. Барлық мәселе уақытылы оң шешім табылатынына сенім білдірді.

Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов та үндеу жасағандардың қатарынан табылды. Ол өз сөзінде халықтың арандатушыларға еріп, заңсыз әрекетке бармауын сұрады.  

Сондай-ақ әкімдік қала аумағында жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға дайын екенін жеткізді. 

Жаңаөзеннің орталық көшелерінің біріне ереуілге шыққаны үшін халықты ұстаған дерек бойынша Маңғыстау облыстық полиция департаменті мәлімдеме жасады.

"Жаңаөзенде көлік жүретін жолдарды жауып тастағаны үшін ұсталған 24 адам заңсыз әрекеттерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізгеннен кейін үйлеріне жіберілді", - деп хабарлама таратты.

Қазір Жаңаөзенде жағдай тұрақты. Жергілікті мұнай компаниялары мен мекемелер штаттық режимдегі жұмыстарына кірісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу