Жаңаөзен қаласының аумағы кеңейтілді

195

Қарақия ауданына кіретін бірқатар аумақтар Жаңаөзенге берілді.  

Жаңаөзен қаласының аумағы кеңейтілді Фото: vlast.kz

Үкіметтің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі қаулысымен Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының шекарасы өзгертілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құжатқа сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихатының 28 ақпандағы шешімі мен облыс әкімдігінің 19 ақпандағы қаулысы негізінде Қарақия ауданынан жалпы көлемі 112 988,2 гектар жер қала аумағына қосылды.

Қарақия ауданына кіретін бірқатар аумақтар Жаңаөзенге беріліп отыр:

  • Құрық, Құланды, Болашақ ауылдары;
  • Бопай елді мекені;
  • теміржол және автокөлік көлігіне арналған жерлер;
  • резервтік жерлер.

Нәтижесінде қаланың жалпы аумағы 164 604,5 гектарға жетті. 

Қаулы 2025 жылғы 29 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу