Жаңаөзен кәсіпкерлерінің өндірісі 32,8%-ға өсті

1189

Жаңаөзен кәсіпкерлерінің өндірісі 32,8%-ға өсті

Бүгінгі таңда, бизнестің шағын және орта субъектілер саны – 7 776 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11,5%-ға өсті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлермен 30,3 млрд теңгеге өнім өндіріліп, 32,8%-ға өсті. Кәсіпкерлерден бюджетке түскен түсім 26,5%-ға өсіп, 8,1 млрд теңгені құрады.

"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша Жаңаөзен қаласына облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы арқылы құны 1 159,5 млн теңге болатын 44 жоба субсидияланып, 147 жаңа жұмыс орны құрылды.

2016 жылы қаладағы кәсіпкерлерге арналған өндірістік алаңға (технопарк) 44,8 млн.теңге бөлініп, игерілді. Құрылыс жұмыстарын аяқтауға 2017 жылы тағы да 189,4 млн.теңге бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу