Жаңаөзен мен Атырауда емхана басшылары ақша жымқырған

183

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңаөзен мен Атырауда емхана басшылары ақша жымқырған Фото: canva.com

Мемлекеттің қолдауына мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қорғау – мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі. Осы саладағы жемқорлық көріністері жайлы мәліметтерді Антикор жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл әлеуметтік салада 95 жемқорлық қылмыс тіркеліп, 58 адам әшкереленді, 34 адам сотталды.

Олардың бірнеше мысалы:

"№2 Жаңаөзен қалалық емханасы" ШЖҚ МКК директоры мен бас бухгалтері мемлекеттік сатып алу шарты шеңберінде медициналық бұйымдарды жеткізбестен жеке компанияның шотына 10,5 млн теңге сомасында ақша аудару арқылы қаражат жымқырды деп күдіктелуде. Соттың санкциясымен кәсіпорын директоры қамауға алынды.

26 тамызда Атырау қаласының соты №4 Атырау қалалық емханасының директоры Е. Сабировқа, шаруашылық меңгерушісі А. Әлжановаға, бас бухгалтер М. Дүйсенғалиеваға және кәсіпкер А. Ералиеваға қатысты үкім шығарды. Алдын алу шаралары шеңберінде сот процесі ашық режимде өткізілді. Процеске онлайн түрде облыстық денсаулық сақтау басқармасының және оның 28 ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері қосылды. Сотталушылар іс жүзінде қызмет көрсетусіз кәсіпкерге 231,8 млн теңге сомасында ақша аудару жолымен қаражат жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оларға 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу