Оның сөзінше, қазіргі таңда келіссөз әлі жүріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.
"Келіссөзге келген жұмысшылардың талабы – 3 жылдық контракт беру. Біз ол талапты орындауға дайын екенімізді айттық. Бизнесте бәсекелестік болу керек. Бір компания ұтылды, екінші компания ұтты. Жеңіске жеткен компания "БерАли Маңғыстау Company" жұмысшыларына оларды жұмысқа алуға дайын екендігін білдірді. Бұл өте маңызды ақпарат. Кейін бұл жұмысшылар одан бас тартты. Екінші компания да келді. Олар да ұсынды", - деді ол Үкімет кулуарында.
Мағзұм Мырзағалиев осы уақытқа дейін тендерлік контракт бір жылға ғана жасалғанын еске салды.
"Біз қазір үш жылдық контрактіге ауысу бойынша шешім қабылдадық. (...) Жасыратыны жоқ, жұмысшылардың талаптары жиі өзгере береді. Яғни, біз жұмысқа дайын екендігімізді білдірдік. Кейін жұмысшылар "жоқ, ол емес, Өзенмұнайгаздың өзіне жұмысқа алыңыздар" деген талап қойды. Бұл өте орынсыз және орындалмайтын талап. Неге десеңіздер, қазір сол жерде кезекте тұрған 9 мыңнан астам адам бар. "Өзенмұнайгазға" жұмысқа кіру бойынша тиісті бір алгоритм бар. Бірінші коммуналдық мекемелерге жұмысқа кіреді, кейін сол жерден "Өзенмұнайгазға" жұмысқа кіреді", - деді спикер.
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы бүгінгі таңда жұмысшылармен келіссөз жүріп жатқанын мәлімдеді.
"Егер біздің келіссөздер конструктивті түрде жүрсе, жұмысшылардың шешімі табылады. Олар әлі күнге дейін Астанада. Тиісті келіссөздер жүріп жатыр. Әрине, үмітіміз бар. Бәрі реттеледі деп ойлаймын", - деп түйіндеді ол.