Жаңаөзен тас жолындағы апаттан 10 адам көз жұмды

620

16 маусым күні сағат 21:30 шамасында Жаңаөзен - Кендірлі тас жолында болған үлкен жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңаөзен тас жолындағы апаттан 10 адам көз жұмды Фото: Куәгерлерден

Оқиға салдарынан 10 адам қаза тапты. Оның 5-еуі кәмелетке толмағандар.

"Toyota" көлігінің ішінде 8 адам болған. Жол ережелері сақталып, жүргізуші мен жолаушылар қауіпсіздік белдігін тағып, сондай-ақ балаларға арналған орындықтар пайдаланылса, онда көлікке тек 4 адам ғана сияр еді. Бір ай бұрын "Duster" автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін ескертіліп, айыппұл салынған екен. 

"Жол-көлік оқиғасының басты себебі – көлік құралының қарама-қарсы жол бағытына шығуы. Сонымен қатар жыл басынан бері мал жануарларының қатысуымен 3 жол апаты болып, оның салдарынан 2 адам қаза тауып, 2 адам дене жарақатын алды. Аймақтың халық саны күн сайын өсіп келеді. Біз халық санының өсуі бойынша Республика бойынша бірінші орын алып тұрмыз. Өткен жылы демалыс кезінде біздің өңірімізге 7 мың көлік құралымен 35 мыңға жуық турист келіп демалған. Сондай-ақ облыс бойынша автокөлік саны соңғы 5 жылда 15 мыңға өсіп, қазіргі уақытта 170 мыңға жетіп отыр", – дейді Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсембаев.

Жыл басынан бері облыста 164 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 32 адам қаза тапты. 185 адам дене жарақатын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу