Жаңаөзен: Үйінді астынан 1994 жылғы азаматтың денесі алынды

504

Медициналық көмекке 12 адам жүгінді, оның ішінде 8 бала, 5 адам ауруханаға жатқызылды. 

Жаңаөзен: Үйінді астынан 1994 жылғы азаматтың денесі алынды Фото: ҚР ТЖМ

Қазіргі уақытта үйінділердің астынан 2000 жылы туған зардап шеккен әйел және 1994 жылғы қайтыс болған азаматтың денесі алынды.

Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстар жалғасуда, 30-дан астам техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылды: құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есеп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция.

Еске сала кетсек, Жаңаөзен қаласындағы 2-шағын ауданда  екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылысы орын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу