Жаңаөзен, Жетібай, Ақтау тұрғындары наразылыққа шықты

831

Олар Астанада қамауға алынған мұнайшыларды босатуды талап етуде.

Жаңаөзен, Жетібай, Ақтау тұрғындары наразылыққа шықты Фото: видеодан скриншот

Жаңаөзенде алаңға жиналған жұрт: “Астанадағы шенеуніктер мұнайдың, оны күні-түні өндіріп жатқан мұнайшылардың арқасында алаңсыз өмір сүріп отыр. Қара алтын өндірушілер талабын орындауы тиіс”, – дейді.

Наразылық Ақтау қаласының Ынтымақ алаңында да басталды. Полиция қызметкерлері арнайы техникаларымен қоршап, шерушілерге түсінік жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жетібай кентінің халқы да елордада тағдырлары беймәлім күйдегі жұмысшыларға қолдау білдіріп, оларды еркіндікке шығарып, өз талаптарын айтуға мүмкіндік берілуі тиіс екенін айтты.

Маңғыстаудағы “Бұрғылау, “Өзенспецснаб”, “Қарақұдықмұнай” компанияларының мұнайшылары жұмыстарын тоқтатып, наразылықта тұр. Ал “Өзенмұнайгаз” компаниясы жұмысшылары екі сағаттық ереуілден соң жұмыстарына қайта кірісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу