Жаңаөзен жиі залалсыздандырылып тұр

808

Оған осы кезге дейін 15 млн теңгедей қаражат бөлінген. 

Жаңаөзен жиі залалсыздандырылып тұр

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының көшелері осымен үшінші рет залалсыздандырылып жатыр. Бұл жұмыстарды "Дезинфекция" мемлекеттік мекемесі жүргізеді. "Қала аумағын залалсыздандырудың бастапқы кезеңінде бюджеттен 11 млн 400 мың теңге бөлінді. Осы шілде айында тағы 3,9 млн теңге бөліп, шаһарды үшінші рет дезинфекциялап жатырмыз. Оған дезинфекционист-дәрігер, дезинструктор және дезинфектор мамандардан тұратын 31 қызметкер жұмылдырылды. Олар төрт жеңіл көлікпен жүріп, қаладағы 232 тұрғын үй аумағы мен жертөлелерді ерітіндімен өңдеп шықты. Санитарлық дезинфекциялау жұмыстарын тамыз айында да өткізбекпіз", – дейді Жаңаөзен қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Сүйіндік Мұхаммедов. 

Сондай-ақ, қалада жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды. Белгілі болғандай, қазіргі уақытта 80 тұрғын үйдің 40 мың 376 шаршы метр тозығы жеткен жылу құбыры жаңартылыпты. 

Бүгінде Жаңаөзендегі 262 көпқабатты тұрғын үйдің 92-сінің тозығы жеткен. Тағы екі үй апатты жағдайда тұр. Олардың ішінде 40 баспана бұзуға жатады, 52-сіне күрделі жөндеу жүргізу қажет. Соның ішінде, "Шаңырақ", "Шұғыла" және "Самал" шағын аудандарындағы галерия типтегі 27 көпқабатты тұрғын үйді қалпына келтіруге "Самұрық Қазына Траст" әлеуметтік жобаларды қолдау қоры демеушілігімен 257 млн теңге қаражат бөлінген.  

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу