Жаңаөзен–Ақтау тас жолында екі жүргізуші көз жұмды

349

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жаңаөзен–Ақтау тас жолында екі жүргізуші көз жұмды Фото: Видеодан скриншот

9 қаңтар күні сағат 22:20 шамасында Жаңаөзен-Ақтау тас жолының 34/193 шақырымында жол-көлік оқиғасы болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Mitsubishi Lancer автокөлігінің жүргізушісі Toyota Avalon көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан оқиға орнында алған жарақаттан Mitsubishi автокөлігінің 69 жастағы жүргізушісі қайтыс болды және Toyota автокөлігінің 48 жастағы жолаушысы ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Сонымен қатар, зардап шеккен бес адам Жаңаөзен қаласының ауруханасына жеткізілді.

“Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша Қарақия ауданы Пб СДТТБТ-де тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде”,– дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу