Жаңаөзенде 100-ден астам отбасы баспаналы болады

900

Биыл Жаңаөзен қаласында жалпы аумағы 10 мың шаршы метр болатын 108 пәтерлі екі көп қабатты түрғын үй пайдалануға беріледі.  

Жаңаөзенде 100-ден астам отбасы баспаналы болады

Бүгінде қалада 8 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Соның бірі –  "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған 160 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй кешені. "Рауан" шағынауданында бой көтерген кешен 2 корпустан тұрады. Оның әр қайсысында 80 пәтер орналасқан. 

Құрылыс жүргізуші мердігер мекеме "АС Құрылыс" ЖШС өкілдерінің айтуынша, нысан 2022 жылдың қараша айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Аталған үй Жаңаөзен қаласы әкімдігінің тұрғын үй кезегіне тіркелген азаматтарға "Отбасы банкі" арқылы ипотекалық несиеге беріледі.

"Жаңаөзенде ескі үйлерді жаңғырту жұмыстары да қызу жүруде. Қазіргі таңда "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында қайтарымды қаражат есебінен Шұғыла шағын ауданындағы 1-ші, 3-ші көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізілуде",  деді Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Берік Ізғалиев.

Алмас Қылыш                      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу