Жаңаөзенде 44 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды

278

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал алкогольді ішімдік себебінен болған. ​

Жаңаөзенде 44 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды Фото: canva

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай тұрмыстық жанжал салдарынан болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Аталған дерек бойынша "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу