Жаңаөзенде алғаш рет күрделі ота жасалды

543

Жаңаөзен қалалық көпбейіндік ауруханасында науқастың омыртқа жотасына жасалған нейрохирургиялық ота сәтті өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Жаңаөзенде алғаш рет күрделі ота жасалды

Науқас 2-қабаттан құлап, ауыр жарақатпен шұғыл түрде ауруханаға түскен. Зерттеу барысында "Омыртқа жотасы L3 бел омыртқасының сынығы" диагнозы қойылды. Нәтижесінде шұғыл түрде науқасқа "Бел омыртқаларын транспедикулярлық әдіспен бел омыртқасының бекітуі" отасы жасалды.

Ота жасаған дәрігерлердің бірі Жаңаөзен көпбейінді ауруханасының нейрохирург дәрігері Мейрамбек Дабысбайдың айтуынша, бұған дейін мұндай операцияларды Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында жасап, тәжірибе алмасқан.

"Науқас екінші қабаттан құлаған. Екі аяғында әлсіздік, қозғалыстың болмауы, бел тұсының ауырсынуы шағымдарымен келді. Операция шұғыл түрде жасалды. Ота 5 сағат уақытқа созылды. Науқастың жағдайы қазір тұрақты. Аяғында іс-қимыл болып, бел тұсының ауырсынуы басылды. Амбулаториялық ем алуға жібердік", - деді нейрохирург дәрігер Мейрамбек Дабысбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу