Жаңаөзен қаласының мұнай-газ саласына жұмысқа алуды талап етіп, аштық жариялағандар бұл ақпарды жергілікті атқарушы орган өкілдеріне жеткізген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін оларға мұнай-газ секторындағы жұмыспен қамту алгоритімін сақтай отыра, 250 мың теңгеге дейінгі жалақысы бар жұмыс орындары бірнеше рет ұсынылған көрінеді. Уәкілетті тұлғалар олардың жалпы кезекті айналып өтіп, мұнай-газ секторына тікелей жұмысқа орналасу туралы талабының басқа үміткерлерге әділетсіздік болатынын түсіндірді.
Бұл уәжбен келіспегендер астан бас тартты.
"5 наурыз күні сағат 19:13-те Жаңаөзен қаласының жедел жәрдем станциясына қалалық әкімдік ғимаратының маңында жүргендер аштық жариялап, өзін нашар сезініп жатқанын хабарлаған. Бірінші жедел жәрдем сол мезетте, екіншісі 19:41-де жөнелтілді. Біздің қызметіміздің жедел әрекет етуінің арқасында бірінші топ қоңыраудан кейін 5-6 минут ішінде оқиға орнына жетті. Сараптама қорытындысы бойынша барлығы 19 адамның жағдайы қанағаттанарлық және сау деп бағаланды. Төртеуі сараптамадан бас тартты. Ауруханаға жатқызу белгілері болған жоқ. Жедел жәрдемге жалпы 50-ден астам шақырту түсті. Ал бізде 10 ғана бригада бар. Біз тұрғындарды жедел-жәрдем қызметтерін жауапкершілікпен пайдалануға шақырамыз және негізсіз қоңыраулардың шын мәнінде көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетуде кедергі келтіретінін ескертеміз",- деді Маңғыстау облыстық жедел жәрдем стансасы бастығының Жаңаөзен қаласындағы орынбасары Әлішер Көмеков.
Аштық жариялағандар полиция бөліміне жеткізіліп, профилактикалық түсіндірме жұмыстарынан кейін заңсыз әрекеттері тоқтатылды.