Жаңаөзенде аялдамалар жаңартылуда

805

Олар ұлттық нақыштармен безендірілмек.  

Жаңаөзенде аялдамалар жаңартылуда

Жаңаөзен қаласының әкімдігі шаһардағы аялдамаларды қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алып отыр. Қазіргі кезде қала аялдамалары ұлттық нақыштағы оюлармен безендірілуде. 

"Былтыр Жаңаөзен қаласындағы аялдамаларға шыны орнатылған болатын. Бірақ осы аялдамалардың кейбірінің әйнектерін сындырып кеткен. Біразы түрлі-түсті жарнамалардың парақшаларына толы. Әрине, бұлардың бәрі қаланың сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп тұр. Бұл ретте осы мәселелер ескеріліп, қала әкімдігі көктемгі санитарлық тазалық кезінде көшелердегі жарнама жапсырылған парақшаларды алып, тазалау жүргізді. Бүгінде аталған аялдамаларды қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алынып отыр", – деді қала әкімінің орынбасары Берік Ізғалиев.

Қазіргі кезде қала бойынша 102 аялдаманың жиырмаға жуығы заманауи талаптарға сай өзертілді. Олардың шыныларына еліміздегі басты оқиғалар бейнеленген суреттер жапсырылды. Атап айтқанда, аялдама шынылары спорт, денсаулық, дәрігерлерге алғыс айту, суға түсу қауіпсіздігі сияқты өзекті тақырыптардағы баннерлермен безендірілді.

"Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табады. Жаңаөзендіктерден қаланы көркейту мақсатында жасалған көптеген ариетектуралық жұмыстарды, орнатылған аялдамалар мен инсталляцияларды  күтіп ұстауға, бүлдіріп, сындырмауға шақырамын. Ал мұндай оқиғаларға куә болғандарды дереу полицияға хабарласуға шақырамын", – деді Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу