Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің хабарлауынша, балабақша директоры мекемеге 640 мың теңге төлемеген. Құзырлы орган тараптарға кездесу ұйымдастырып, нәтижесінде бизнес өкіліне ақшалай қаражат толығымен өтелді.
Бақылаушы органдардың рұқсаттарын алу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік қолдау несие, гранттар, субсидиялар рәсімдеуде әкімшілік кедергілерге тап болған бизнес өкілдері уақыт оздырмай құқық қорқау саласына шағым түсіруі тиіс екені ескертілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу