Жаңаөзенде үш жасөспірім бір мопед мініп, жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай 18 қараша күні сағат 20:30 шамасында болған. Жеңіл автокөлік пен мопед соқтығысты. Бір мопедке 2010 жылы туған екі жасөпірім мен 2011 жылы туған бала мінген.
"Екі бала Жаңаөзендегі көпсалалы қалалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді", – деп хабарлады жедел жәрдем қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу