Жаңаөзен қаласында кішкентай бүлдіршін балалар алаңындағы биіктіктен қатты құлап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Жаңаөзенде 4-ші ықшам аудандағы №18 және №19 үйлердің арасында болған.
Бейнежазбада баланың ойын алаңында жүрген кезде биіктіктен құлап, кейін орнынан тұра алмай жатқаны көрсетілген. Куәгердің сөзінше, оқиға 8 сәуірде болған.
Тұрғындар осы балалар алаңында ақаулар бар екенін алға тартып отыр. Ата-аналар қала билігін ойын кешенін балалар үшін қауіпсіз етуді сұрады.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен баланың ауруханадан шығарылып, үйіне қайтарылғанын мәлім етті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу