Тұрғындардың айтуынша, ер адам қыз баланы шешіндіріп, ұятты жерлеріне қол жүгірткен. Мұны қыздың анасы терезеден көріп қалады. Маңғыстау облысының полиция департаменті бұл деректі растады.
“28 мамырда сағат 17:00 шамасында "102" кезекші пультіне Жаңаөзеннің 4 шағын ауданда ер адам кәмелетке толмаған қызға азғындық жасамақ болды деген шақыру келіп түсті. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 124 - бабы бойынша Жаңаөзен полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.