Жаңаөзенде дәрігер пышақ жарақатынан көз жұмды

102

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында 28 қаңтарда сағат шамамен 14:00-де медициналық мекеменің дәлізінде терапевт дәрігерге ер адам шабуыл жасап, ауыр пышақ жарақатын салған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңаөзенде дәрігер пышақ жарақатынан көз жұмды Фото: canva

Салдарынан 29 жастағы жас маман қаза тапты.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

– 28 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында пышақ жарақаты салдарынан 29 жастағы ер адам көз жұмды. Алдын ала анықталғандай, қақтығыс ер адамдар арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде туындаған. Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өз еркімен келіп, жасаған ісін мойындаған. Аталған дерек бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу