Түнде Жаңаөзен қаласының 1-шағынауданында орналасқан екі қабатты сауда орталығының бірінші қабатында өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Өрт 300 шаршы метр алаңды шарпыды.
– Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында өрттің ғимараттың барлық ауданына таралуына жол берілмеді. Өрт 300 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда, – делінген хабарламада.
Осы ретте ТЖМ өкілдері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу