Жаңаөзенде ер адам салмағы 12 тонналық көпірді қолды қылды

943

 Ер адам өрт сөндіру қызметінің аумағына кіріп, метал сынықтары ретінде өткізіп жіберу үшін ені мен биіктігі 2 метр, ұзындығы 14 метр болатын темір көпірді ұрлаған.

Жаңаөзенде ер адам салмағы 12 тонналық көпірді қолды қылды

Жаңаөзенде жергілікті тұрғын салмағы 12 тонна болатын көпірді ұрлап кеткен, деп хабарлайды Atameken Business.

Оқиға қаңтардың басында орын алған. Ер адам өрт сөндіру қызметінің аумағына кіріп, метал сынықтары ретінде өткізіп жіберу үшін ені мен биіктігі 2 метр, ұзындығы 14 метр болатын темір көпірді ұрлаған.

Апаттық жағдайда су тасуға арналып жасалған аталмыш көпір "Қазақстан темір жолы" мекемесіне тиесілі. Компанияға келтірілген шығын 700 мың теңгеге бағаланды. Сот барысында  айыпталушы кінәсін толықтай мойындап, айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұраған. Жаңаөзен қалалық соты оған 500 миллион теңге көлемінде айыппұл салып, көпірді орнына қайтартқызды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу