Жаңаөзенде ереуілге шыққан жұмысшылардың мәселесі шешілді

678

Жаңаөзенде ереуілге шыққан жұмысшылардың талаптары қанағаттандырылды. Жеті тәулік дегенде мәселе оң шешіліп, нүктесі қойылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Жаңаөзенде ереуілге шыққан жұмысшылардың мәселесі шешілді

Ауыр, қиын және ұзақ келіссөздер арқылы "талабымыз орындалды" деген "Кезби" серіктестігінің жұмысшылары, ашық түрде алғыс білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, ереуілге шыққан қызметкерлер 12 талап қойған. Олардың бастылары:  жалақы мөлшерін 50%-ға арттыру, сыйақы төлеу, стандарттарға сәйкес жабдықтармен қамтамасыз ету, демалысқа шығу кезінде 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сауықтыру төлемдерін жасау.

Мұнай сервистік кәсіпорнындағы жағдайды шешу бойынша, еңбек арбитражы Жаңаөзенде екі күн жұмыс істеді. 1992 жылы құрылған "Кезби" ЖШС-де 1 200 адам еңбек етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу