Жаңаөзенде есірткі тасыған азамат ұсталды

110

Күдіктінің бұған дейін де бірнеше мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.  

Жаңаөзенде есірткі тасыған азамат ұсталды Фото: istockphoto.com

Жаңаөзенде полиция қызметкерлері Ұлттық ұлан қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі тасыған ер адамды ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлттық ұлан баспасөзінің қызметінше, оқиға "Көктем" ықшам ауданында болған. Құқық қорғаушылар үйлердің бірінің маңынан күдікті азаматты байқаған. Оны тоқтатып, тексерген кезде 15 орам ұнтақ табылған.

"Біз оны тоқтатқан кезде оның іс-қимылы күмән тудырды. Тінткен кезде одан 15 орам белгісіз зат табылды. Ол заттар изолентамен оралған", - деді жасақ нарядының басшысы Оңғарсын Ақмұратов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу