Жаңаөзенде халық жолды жауып тастады

464

Бүгін, 12 сәуір күні таңертең Жаңаөзен қаласында бір топ азамат қала тұрғындарының көлік қозғалысына кедергі келтіріп, жолды жауып тастады.

Жаңаөзенде халық жолды жауып тастады Фото: inbusiness.kz

Олар Астанада қамалғандар толық босап, ауылға жетпейінше, билікке сене алмайтындарын айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ал, елордадағы ереуілшілер Астана теміржол вокзалынан пойызға отыратындарын айтып, видео үндеу жолдады. Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, қоғамдық қауіпсіздікті және көлік құралдарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері оларды профилактикалық әңгіме жүргізу үшін Жаңаөзен қаласы полиция басқармасына жеткізді.

"Мұндай іс-әрекет ҚР ӘҚБтК-нің 614-бабы (Көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру) бойынша шара қолдануға және 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауаптылыққа әкеп соғады”,– делінеді Маңғыстау облысы ПД хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу