Жаңаөзен қаласында "ГАЗель" жүргізушісі Nissan Maxima көлігіне жол бермеуінің салдарынан инкассатор көлігі аударылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
— Жол апатынан зардап шеккен бір адам қалалық ауруханаға жеткізілді. Зардап шегуші адам алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйге шығарылды, — деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Апатты оқиғаға байланысты "ГАЗель" автокөлігінің жүргізушісіне жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін заң бойынша шара қолданылады.
Оған апат кезінде адам денсаулығына зиян келтіргені және көлік пен өзге де мүлікті бүлдіргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу