Жаңаөзенде "Қазпромтехниккомпани" ЖШС жұмысшылары наразылыққа шықты

737

Наразылық акциясына шыққандардың дені компанияның автокөлік жүргізушілері.

Жаңаөзенде "Қазпромтехниккомпани" ЖШС жұмысшылары наразылыққа шықты

Олар үш күннен бері жаңадан енген хаттаманың күшін жоюды талап етуде. Өйткені құжат негізінде 2015 жылы құрастырылған көліктерді өндіріске қызмет етуден алып тастау ұйғарылды. Осылайша, осыдан 7 жыл бұрын шыққан көліктердің жұмыс істеуге жарамсыз деп танылуы жүргізушілердің жұмыс сағатының қысқаруына әкеліп соқтырған.

"Жұмыс сағаты қысқаруы салдарынан жалақы да кеміп кетті. Мәселенің шешілуін сұрап құзырлы орындарға хабарластық. Бірақ нәтиже жоқ. Үш күн бойы білдірген наразылыққа ешкім жауап бермеді", – дейді жұмысшылар.

Наразы топ 2015 жылғы көліктерді жұмысқа қайта кірістірмейінше, ереуілді тоқтатпақ емес.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу