Жаңаөзенде құны 1 млрд теңгеден асатын комбинат мемлекетке қайтарылды

593

ЖШС комбинатты беруге негіз болған міндеттемелерін орындамаған.

Жаңаөзенде құны 1 млрд теңгеден асатын комбинат мемлекетке қайтарылды Фото: google

2019 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және көму комбинаты "Тазалық-С" ЖШС сенімгерлік басқаруына берілген, деп хабарлайды  inbusiness.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Комбинат жеткілікті арнайы техникамен қамтамасыз етілмеген, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі кеңейтілмеген, полимерлі құбыр өндірісі іске қосылмаған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Жаңаөзен әкімдігі мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына сенімгерлік шартты тоқтата тұру жөнінде арыз беріп, ол толығымен қанағаттандырылған.

Апелляция сатысында жоғарыда аталған соттың шешімі өзгеріссіз қалды.

Нәтижесінде баланстық құны 1 млрд теңгеден асатын мүліктік кешен жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу