Жаңаөзенде құрғақ түйе сүтін өндіретін цех ашылды

117

Қазір өнімдерді Қытай мен БАӘ-не жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.  

Жаңаөзенде құрғақ түйе сүтін өндіретін цех ашылды Фото: gov.kz

Нысан "Жаңаөзен сүт зауыты" ЖШС тарапынан салынды. Жобаның жалпы инвестициялық құны – 148 миллион теңге, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өндірістің ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласына жұмыс сапарымен барып, сүт зауытының ашылу салтанатына қатысты.

Жаңа сүт зауыты өңір экономикасына үлес қосатын маңызды өндіріс орны болып саналады. Жоба өңірде жоғары сапалы, экологиялық таза өнім өндірісін жолға қоюға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және отандық өндірісті дамытуға бағытталған. Алдағы уақытта зауыт өнімдерін экспортқа шығару жоспарланып отыр.

Цехта 12 жаңа жұмыс орны ашылған. Жалпы ауданы 500 шаршы метрді құрайды және жылына 18 тонна өнім өндіруге қауқарлы.

Цехтың басты мақсаты – жыл бойы шұбат өнімін үздіксіз қамтамасыз ету. Сонымен қатар цех арқылы шұбат өндірісін ұлғайту және ауыл шаруашылықты қолдау көзделген.

Зауыт 30-ға жуық жеке шаруа қожалығынан бір жылда 68 000 литр сүт қабылдап келген, енді осы өнімді 2 есеге ұлғайту жоспарланып отыр.

"Бұл жаңа өндіріс орны өңіріміз үшін маңызды әрі пайдалы бастама. Жоғары сапалы, экологиялық таза өнім өндірісін дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және отандық өндірісті қолдау – біздің басты мақсатымыз", – деді өңір басшысы.

Қонақтар цехтың ішкі бөлімдерімен және өндіріс барысымен танысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу