Жаңаөзенде қызметкерді ток соғып көз жұмды: Қылмыстық іс қозғалды

394

Электр тогының соғуынан қаза тапқан "Өзенэнергосервис" МКК 31 жастағы қызметкерінің қаза болу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабы "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.          

Жаңаөзенде қызметкерді ток соғып көз жұмды: Қылмыстық іс қозғалды Фото: ult.kz

Айта кетейік, 24 шілдеде сағат 12:18-де "102" кезекшісінің пультіне Жаңаөзенде ер адамның электр тогының соғуы салдарынан қаза тапқаны туралы шақырту келіп түскен.

"Жедел-тергеу тобы шақыруға шықты. Белгілі болғандай, 31 жастағы ер адам Жаңаөзен қаласының "Жұлдыз" шағынауданында жұмыс жүргізу кезінде электр тогынан соққы алған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Бұл факт ҚР ҚК 156-бабы бойынша Жаңаөзен ПБ ЕҚДБ-да тіркелген", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу