Жаңаөзенде мектеп апаттық жағдайда тұр

714

Білім ошағының жертөлесіне жаңбыр суы толассыз құйылып, салдарынан 1-қабатының тіреуіштері жарты метрге дейін отырып кеткен.  

Жаңаөзенде мектеп апаттық жағдайда тұр
Жаңаөзен қаласындағы №21 орта мектептен оқушыларға қауіп көп.

Мектеп қабырғалары қақ айрылып, жарылып жатыр. Қазір апаттық жағдайдағы мектепте екі ауысыммен 3 мың бала оқиды. Ата-аналар мектептің кез-келген уақытта құлап түсіп, балалар мен ұстаздар зардап шегуі мүмкін деген үрейде.

Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің ақпаратына сүйенсек, №21 орта мектеп 2011 жылы пайдалануға берілген. 2012 жылы нөсер жауын салдарынан жертөле, спорт зал мен асхананы су алып кетіп, қабырғалары жарылып кетеді. Негізгі бағандарына залал келмегендіктен бюджеттен 283,1 млн тг бөлініп, жөндеу жұмыстары жасалған көрінеді. Бірақ 2022 жылдың мамыр айындағы қатты нөсерден мектеп тағы да су астында қалған. Келтірілген шығын көлемі есептеліп, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттар жасақталды. Жөндеу жүргізуге бюджеттік өтінім Маңғыстау облысы білім басқармасына жолданған. Оқушылар алдағы уақытта да сол ғимаратта оқи беретіні айтылды.

Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов мектеп ғимаратын көріп, тексеріс жасалуын тапсырды. Оның қорытындысымен тиісті сала басшыларына шара қолданбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу