Жаңаөзенде мектеп директоры пара алды

265

Бұл істе жауапкершілік пен жазаны ауырлататын жағдайлар анықталмады.   

Жаңаөзенде мектеп директоры пара алды             Фото: Inbusiness.kz

Жаңаөзен қаласында мемлекеттік міндеттерді орындауға уәкілеттік берілген лауазымды тұлғаның заңсыз әрекетке барып, пара алғаны анықталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ж. есімді азамат Жаңаөзен қаласындағы кешкі мектептің директоры бола тұра Е. атты оқушыға орта білім туралы аттестат бергені үшін 70 мың теңге көлемінде пара алған.

2023 жылғы 1 қарашада сотталған Ж. жәбірленушінің келісімімен кінәні мойындау туралы мәміле нысанында іс жүргізу келісімін жасады. Сот күдікті Ж.-ның қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін жайттарды қарау барысында оның кінәсін толық мойындағанын және бұрын сотталмағанын ескерді.

Бұл істе жауапкершілік пен жазаны ауырлататын жағдайлар анықталмады.   

"Сот үкімі бойынша күдікті қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып отыр. Оған 2 100 000 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енді", -  делінеді Жаңаөзен қалалық сотының хабарламасында.                                                    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу