Қызыл жалын жалпы аумағы 40 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға салдарынан 2013 жылы туған бала күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.
Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"12 жасар жасөспірім бала зардап шекті. Бала бет, мойын, қол, бел және тыныс алу жолдарының күйіктерімен ауруханаға жатқызылды. Дененің 15-17%-ы зақымдалған, оның жағдайы орташа. Өрт сөндірушілер өрт сөндіруде жоғары дәрежеде жұмылдырылды. Өрт сағат 18:10-да сөндірілді", – делінген ТЖД хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу