Жаңаөзенде мүгедектерге арналған инватакси қатары толықты

581

Бұған дейін шаһардағы мүгедектігі бар азаматтарды бір ғана автокөлік тасымалдайтын еді. 

Жаңаөзенде мүгедектерге арналған инватакси қатары толықты

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа инватакси көлігі пайдалануға берілді. 

"Мүгедектігі бар жандардан инватакси қызметіне күніне 40-тан астам шақырту түседі. Бұл азаматтарға толыққанды қызмет көрсетуге бір көлік аздық ететін еді. Алайда жаңа автокөліктің келуі келіп түскен шақыртуларды толықтай орындауға жеткілікті. Айта кетейік, инватакси қызметін пайдалануға өтініш беру үшін Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш қабылданады. Ал такси қызметіне шақырту  телефон байланысы арқылы қабылданады", – деп атап өтті Мүгедектерді оңалту бөлімінің бас маманы Айнұр Қожанова.

Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы мен оған іргелес орналасқан елді мекендерде 5 мыңға жуық мүгедек тіркелген. Соңғы үлгіде жабдықталған заманауи көлікпен мұқтаж адамдар шаһар ішінде және қалааралық бағыттарға бара алады. Тасымалдау қызметі тегін. 

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдауға арналған инватакси көлігі алғаш рет 2014 жылы пайдаға берілген. 

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу