Жаңаөзенде мұнай нысандарынан жабдық ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды

328

Ұрланған жабдықтың жалпы құны 1,5 миллион теңгеден асады.  

Жаңаөзенде мұнай нысандарынан жабдық ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды  Фото: polisia.kz

"Металл" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жаңаөзен қаласының полиция қызметкерлері мұнай-газ кәсіпорнының өндірістік нысандарынан жабдықтарды бірнеше рет ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдымен полицияға Теңге ауылында орналасқан ұңғымалардың бірінен екі шиберлі ысырманың ұрланғаны туралы хабарлама түсті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтады. Кейінгі тексеру кезінде оның осыған ұқсас өзге де ұрлықтарға қатысы болуы мүмкін екені белгілі болды.

Жалпы ер адам кәсіпорын мүлкін ұрлаудың 6 дерегіне қатысы бар деген күдікке ілінді. Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ұрланған жабдықтардың орналасқан жерін анықтау, сондай-ақ басқа тұлғалардың қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу