Жаңаөзенде мұнай-сервистік компаниясының аумағында химиялық реагенттер өртенді

436

Зардап шеккендер жоқ.

Жаңаөзенде мұнай-сервистік компаниясының аумағында химиялық реагенттер өртенді Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 27 наурыз күні сағат 18:40-та болған. 

"Жаңаөзен қаласында ұңғымаларды күрделі жөндеу бойынша қызметтер көрсететін мұнай-сервистік компаниясының аумағында 11 бірлік көлемінде бір тонналық пластикалық резервуарларда химиялық реагенттер жанды. Өрт салдарынан ауыр жүк көлігіне (трал) зақым келді. Өрт 120 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт кезінде химиялық реагенттер қауіпті газ тәрізді жану өнімдерінің (көміртегі тотығы (CO), азот оксиді (NOx), көмірқышқыл газы (CO2)) пайда болу қаупі болды, олар одан әрі бу-газ-ауа қоспаларының пайда болуымен үлкен аумақтарға жарылуы мен таралуына қауіп төндірді", - делінген хабарламада. 

ТЖМ мәліметінше, үшінші дәрежелі өртті жоюға 17 өрт сөндіруші, 4 бірлік техника, "Семсер - Өрт сөндіруші" АҚ және "Өрт сөндіру қызметі-М" мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің 8 қызметкері, 2 бірлік техникасы жұмылдырылған.

Өртті сөндіру кезінде химиялық реагенттер конструкцияларына бір мезгілде салқындату жүргізілді.

Қызыл жалын сағат 19:13-те жойылды. Бүгінгі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Химиялық реагентті сөндіруге 2 ГПС-600 оқпаны беріліп, көбікпен сөндіру жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу