Жаңаөзенде өндіріс құбыры жарылды

268

Жарылған құбыр "Өзенмұнайгаз" компаниясына тиесілі.  

Жаңаөзенде өндіріс құбыры жарылды Фото: Экология департаментінен

Техникалық құбырдан мұнай аралас су біраз аумаққа жайылып кетті. №4 мұнай-газ өндіру басқармасының аумағында мұнай дайындау және өндірістік қызмет көрсету басқармасының құрамына кіретін диаметрі 1020/10 техникалық теңіз су құбыры істен шықты. Оқиғаға кінәлілер анықталуда және қазіргі уақытта ақауларды жою жұмыстары жүріп жатыр.

Компания құбырдағы судың құрамында экология мен адам денсаулығына зиян келтіретін элементтер жоқ екенін атап өтті. Келтірілген залалды анықтауға барған экологтар топырақтан сынама алды. Сұйықтықтың жайылған көлемі мен топыраққа сіңген мөлшері анықталып жатыр.

“Ластанған жерлердің көлемі өлшеніп, хаттама толтырылды. Қазір жұмыс жалғасуда. Департамент тарапынан жоспардан тыс тексеріс тағайындалатын болады. Тексеріс қорытындысы жұмыстар аяқталған соң жарияланатын болады”,– дейді облыстық экология департаментінің бастығы Армат Жүсіпқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу