Жаңаөзенде өндірістік аумақтан өрт шықты

1648

ҚМГ өртке қатысты ресми ақпарат таратты.

Жаңаөзенде өндірістік аумақтан өрт шықты

Компания берген ақпаратқа сүйенсек, жөндеу жұмыстарына арналған АСР арнайы техника өртенген.

Өрт №1 мұнай-газ өндіру басқармасы №4 тораптық шоғырланған сораптар станциясының өндірістік аумағында, бүгін сағат 09:25 шамасында орын алған.

Төтенше жағдай мұнай дайындау және өндірістік қызмет көрсету басқармасына қарасты ілеспе құбырда тоспа орнату кезінде болған.

"№2 скважиналарға қызмет көрсету басқармасының жөндеу жұмыстарына арналған АСР арнайы техникасы өртке шалынды. Өрт "Семсер – Өрт сөндіруші" ЖШСнің күшімен сөндірілді. Жану аумағы шамамен 10 шаршы метрді құрады. Өрт кезінде зардап шеккендер жоқ.", – делінген хабарламада.

Компания АСР арнайы техникасын қалпына келтіруге болатындығын жазады. Өрт себептерін анықтау мақсатында қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу