Жаңаөзенде ПТР зертхана ашылды

723

Ол мұнай компаниясының демеушілік көмегімен жабдықталған.  

Жаңаөзенде ПТР зертхана ашылды

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында көпбейінді аурухана жанынан ПТР зертхана ашылды. Онда тәулігіне екі жүзге дейін тест сынамасын өткізуге болады. Қазіргі күні зертханаға Алматыдан келген 4 мың адамды тексеретін реактивтер монтаждалып жатыр. ПТР зертхананы медициналық жабдықтармен жасақтау үшін жергілікті мұнай компаниясы 89 млн теңге қаражат бөлген. 

"Бұл жерде білікті медицина мамандары жұмыс істейді және коронавирусқа қарсы тестен бөлек, басқа да анализді талдамалар, лабораториялық зерттеулер жүргізіледі", –  дейді Жаңаөзен қалалық денсаулық сақтау саласының үйлестірушісі Сәнім Танаева.

Бұдан бөлек, көпбейінді ауруханаға 45 оттегі нүктесі тартылған. Сол арқылы перзентхана, терапиялық корпус, инфекциялық ауруханаға мен жансақтау бөлімі оттегі тетіктерімен қамтамасыз етіліп отыр. 

Сондай-ақ короновирус инфекциясы көбейіп кеткендіктен, қаладан тоғыз шақырым қашықта орналасқан ауданаралық туберкулез диспансерінде 100 адамға арналған төсек-орын мен қорғаныш құралдары дайын тұр. Аталған диспансердің өзі күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу