Жаңаөзенде шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне жағдай жасағандар ұсталды

409

Тергеу басталды.    

Жаңаөзенде шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне жағдай жасағандар ұсталды Фото: polisia.kz

19 қаңтарда криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген тергеу-жедел іс-шараларының нәтижесінде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолы кесілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұсталғандардың таяу шет елдердің азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескені анықталды. Өз қызметтері үшін олар ақшалай сыйақы алып отырған.

Тінту барысында күдіктілерден 500-ден астам нотариалдық сенімхат, шетелдік төлқұжаттар, жалған құжаттар, байланыс құралдары тәркіленді.

Ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық кодекстің Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ішкі істер министрлігі ескертеді, көші-қон заңнамасының кез келген бұзушылықтары жазасыз қалмайды, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу