Жаңаөзенде техникалық қызмет көрсету станциясында өрт болды, деп жазады inbusiness.kz lada.kz порталына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, оқиға 15 ақпан күні болған.
"Жаңаөзендегі Теңге ауылында техникалық қызмет көрсету станциясы мен Toyota автокөлігі өртенді. Оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген", – деп хабарлады Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Департаменттің мәліметінше, өртті сөндіруге 19 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу